Мектеп жасындағы балалармен жұмыстын жандандыру және олардың рухани құндылықтары мен игіліктерін дамыты отырып, қолы шебер өскелең ұрпақтың шығармашылығына қолдау көрсету, оның ішінде ұлттық өнерімізді мейлінше қадірлеп, құрметтеуге ықпал ету, өнерлі балалардың анықтап, шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу, өнер саласында эстетикалық талғамын, қабілеттерін халыққа насихаттау мақсатында Таcқала ауданының білім беру ұйымдарының арасында «Қолөнер шеберлері» атты аудандық қолөнершілер байқауы өткізілді. Байқауға аудан көлеменінде 10 мектеп қатысып бақтарын сынады. Байқау «Былғары әлемі», «Ағаштар әлемі», «Қағазадар әлемі», «Былғары әлемі», «Мүсіндер» номинациясы бойынша өтті. «Былғары әлемі» номинациясы бойынша І орын ЖББ Шежін ОМББК оқушысы Жанакова Альбина, ІІ орын ЖББ Мерей ОМББК оқушысы Бекеш Сымбат ие болды. «Ағаштар әлемі» номинациясы бойынша І орынға ЖББ Достық ОМББК оқушысы Қазиоллин Қарабура, ІІ орынға ЖББ Мерей ОМББК оқушысы Сапарғали Сағи, «Қағаздар әлемі» номинациясында І орынға ЖББ Ақтау ОМББК оқушысы Утегалиева Динара, ІІ орын ЖББ Атамекен ОМББК Турмбет Али, ІІІ орын ЖББ Айнабұлақ НМ оқушысы Аяпбергенова Айнара ие болды. Қолөнершілер аудандық білім бөлімінің ДИПЛОМымен марапатталды.