«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» конкурс (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы №355 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын (одан әрі - Қағида) бекіту» конкурсы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жүргізіледі.
Білім беру ұйымдарының педагогтері Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияға қағидада көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды тапсырады.
Қабылдаудың белгіленген мерзімінен кеш ұсынған педагогтердің құжаттары Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Құжаттар 2022 жылдың 23 қыркүйегіне Тасқала ауданының білім беру бөліміне қабылданады.
Конкурс 2022 жылдың 27 қыркүйегі күні Тасқала ауданының білім беру бөлімінде өтеді.