24.06.2022 ж
Тасқала ауданының білім беру бөлімі уақытша бос лауазымға ашық конкурс жариялайды
Тасқала ауданының білім беру бөлімінің мемлекеттік сатып алу бойынша есепшісі уақытша бос лауазымына.
БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5А,. тел. 8(71139)20684, электрондық пошта мекенжайы:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. индекс:091000, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 99129 (min) теңгеден 106072 (max) теңгеге дейін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша есепшісінің міндеттері:
- жеткізушілерден және орындаушылардан, мердігерлерден тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
- мемлекеттік сатып алу бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді әзірлеуге және жасасуға қатысады;
- жеткізушілерге және орындаушыларға шарттық міндеттемелерді бұзған жағдайда қойылатын талаптар бойынша материалдар дайындайды;
- мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы туралы есеп жасайды;
- сатып алынатын өнім, қызмет, жұмыс бағаларына мониторинг жүргізеді.
- өз қызметінде кәсіпорынның қаржы-экономикалық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды.
Біліктілік талаптарына сәйкес негізгі қызметтің қысқаша сипаттамасы:
- жоғары, орта кәсіптік (экономикалық) білімі, жұмыс стажына немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындыққа және есепке алу мен бақылау бойынша жұмыс стажына талап қойылмайды.
Хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап күнтүзбелік 15 күн ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы қажет: БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5 А, 102-бөлме, анықтама телефондары: 8 (71139) 20684.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;6) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады;
8) Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.
Көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 1017 бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Өткізу орны: БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Тасқала ауданының білім беру бөлімі, 103-бөлме.