Бүгін, аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында, «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерін аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы қабылдап, орта білім беру туралы аттестаттарын салтанатты түрде табыстады.
«Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер, қадірлі ұстаздар, қымбатты ата-аналар бүгінгі қуанышты күндеріңіз құтты болсын! Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Тек білім ғана адамға өмір жолын дұрыс таңдауда еркіндік пен өз-өзіне деген сенімділік, табысқа жетуге және өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қымбатты жас түлектер, үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын. Тәуелсіз еліміздің абыройын асырып, биік белестерге жете беріңіздер! Барлығыңызға ақ жол, сәтті сапар тілеймін!» - деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы.
Бүгінгі таңда Тасқала ауданы бойынша 150 шәкірт үлкен өмірге қадам басып отырса, оның 12-сі «Алтын белгі», 6-ы «Үздік аттестат» иегерлері.
Атап айтсақ, «Алтын белгі» иегерлері:
«Сәулет» МЛ оқушылары - Ғазез Қасымжомартәлі Дұманұлы, Қуанышкалиева Арузия Нұрболатқызы, Жандарбекова Гүлзат Жандарбекқызы, Максутова Танзила Максимқызы, Жасқайратова Амина Маратқызы, Қ.Сәтбаев ОМ оқушылары - Орынбай Ақбота Нағашбекқызы, Ибатова Мадина Таймасқызы, Гайнуллиева Дильназ Жасулановна, Погубина Зарина Ренатовна, Мерей ОМ оқушысы Сағынгереева Ырысханым Байтлеуқызы, Мереке МББК оқушысы Магазов Жангирхан Жарқынұлы, Оян МББК оқушысы Мағзомова Аружан Жақсыбайқызы.
«Үздік аттестат» иегерлері: Жумаканова Римма Руслановна, «Сәулет» МЛ,
Джалкатова Алина Қайратқызы, Қ.Сәтбаев ОМ, Мукашева Дильназ Айбарқызы, Ы.Алтынсарин ОМ, Танбаева Наргиза Русланқызы, Ақтау МББК, Қалихан Бейбарыс Эльдосұлы, Ақтау МББК, Бақытжанова Дана Қайратқызы, Бақытжанова Дана Қайратқызы, Ақтау МББК.
Ауданымыздың мақтаныштары, Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері Погубина Зарина мен Ялфимова Марияға олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат, облыс әкімі Ғали Ескалиевтың атынан «Алғыс хат», 50,0 мың теңге сертификаты, ата-аналарына «Алғыс хат», ұстаздары Балауса Баимбетқызы (Қ.Сәтбаев ОМ) мен Айжан Амангелдіқызына (С.Жақсығұлов ОМ) «Алғыс хат» және «Сәулет» мектеп-лицейіне облыс әкімі Ғали Ескалиевтің «Алғыс хаты» табысталды.
11 жыл бойы мектеп қабырғасында өзінің білімі мен біліктілігімен ерекшеленген, ауданымыздың намысын бірнеше рет облыстық, республикалық деңгейде қорғап жүрген 12 түлектің кеудесіне аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы «Алтын белгісін» тағып, аттастаттарын табыстады. Ал, «Үздік аттестат» табыстау рәсімі аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, ардагер ұстаз Бақтығұл Жұмажанұлына бұйырды. Тасқала ауданы жастар премиясы бойынша 2021 жылдың «Үздік жас ақын» номинация иегері Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің «Алтын белгі» иегері Орынбай Ақбота Нағашбекқызы өз туындысын оқып берсе, құттықтау сөзді мектеп түлектері атынан «Алтын белгі» иегері Ғазез Қасымжомартәлі Дұманұлы және ата - ана Омарғалиева Гүлжан Мұстафақызы сөйлеп, жас түлектерге сәт-сапар тіледі.