12 Нау 2022
Жаңалықтар

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын беруге арналған конкурс (бұдан әрі - Конкурс) жариялайды

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығымен бекітілген "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидалары» негізінде жүргізіледі.

Білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды:

1) Конкурсқа қатысуға өтінімді;

2) Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды тапсырады.

Құжаттарын, құжаттар қабылдаудың белгіленген мерзімінен кеш ұсынған білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Құжаттар 2022 жылдың 18  сәуіріне дейін Тасқала ауданының білім беру  бөліміне қабылданады.

Конкурс 2022  жылдың  18 сәуірі күні  Тасқала ауданының білім беру бөлімінде өтеді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар